Наурыз-думан - Роза Рымбаева

Наурыз-думан - Роза Рымбаева

  • Шығарылған жылы: 2019
  • Тіл: қазақ
  • Ұзақтығы: 3:31

Төменде әннің мәтіні берілген Наурыз-думан , суретші - Роза Рымбаева аудармасымен

Ән мәтіні Наурыз-думан "

Аудармасы бар түпнұсқа мәтін

Наурыз-думан

Роза Рымбаева

Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күн игі!

Күні игі жердің - түрі игі.

Бауыры жылып науат-қар,

Бабымен ғана жібиді.

Шашылып ырыс шанақтан,

Шақырып бір үй бір үйді,

Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге,

Наурыз айы келгенде,

Наурыз тойын бергенде,

Көрмегендер де — арманда,

Арманда — оны көрген де.

Келіп ем өмір — орманға,

Наурыз айы келгенде.

2 миллионнан астам ән мәтіні

Әртүрлі тілдегі әндер

Аудармалар

Барлық тілдерге жоғары сапалы аудармалар

Жылдам іздеу

Қажетті мәтіндерді секундтарда табыңыз