Атамекен - Роза Рымбаева

Атамекен - Роза Рымбаева

  • Шығарылған жылы: 2019
  • Тіл: қазақ
  • Ұзақтығы: 3:40

Төменде әннің мәтіні берілген Атамекен , суретші - Роза Рымбаева аудармасымен

Ән мәтіні Атамекен "

Аудармасы бар түпнұсқа мәтін

Атамекен

Роза Рымбаева

Кең далам!

Толған айым, толғайын.

Домбырам,

Қолға алайын, жырлайын.

Қазағымның даласындай!

Көзімнің қарасындай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Теңіздей!

Тебірендім, тербедің,

Сапарда!

Сағынышым сен менің,

Дүние-ай сырларындай,

Мөлдіреп тұнғанындай,

Сағындым сені-ай, Атамекен-ай!

Армандаған күндер-ай!

Жұлдыз аққан түндер-ай!

Өзің куә өмірде,

Кімдер өтті,

Кімдер-ай!

Атамекен-ай!

Ғажап-ау!

Атамекен ғаламат,

Бір саған!

Тағдырымыз аманат,

Қымбатты – даламыздай,

Сымбатты – анамыздай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Жүрегім жанымыздай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Армандаған күндер-ай!

Жұлдыз аққан түндер-ай!

Өзің куә өмірде,

Кімдер өтті,

Кімдер-ай!

Атамекен-ай!

2 миллионнан астам ән мәтіні

Әртүрлі тілдегі әндер

Аудармалар

Барлық тілдерге жоғары сапалы аудармалар

Жылдам іздеу

Қажетті мәтіндерді секундтарда табыңыз