Төменде әннің мәтіні берілген Гауһартас , суретші - Мөлдір Әуелбекова аудармасымен
Аудармасы бар түпнұсқа мәтін
Мөлдір Әуелбекова
Ажарың ашық екен атқан таңдай
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай
Анаңнан сені тапқан айналайын
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай
Беу-беу, гауһартас
Құсни құрдас
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң
Жай жүріп, шаттанасың әсерленіп
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған
Беу-беу, гауһартас
Құсни құрдас
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас
Сәулем-ау, сабырым қалмас
Әртүрлі тілдегі әндер
Барлық тілдерге жоғары сапалы аудармалар
Қажетті мәтіндерді секундтарда табыңыз