Мені кешір - Нұрым Қуаныш

Мені кешір - Нұрым Қуаныш

  • Шығарылған жылы: 2019
  • Тіл: қазақ
  • Ұзақтығы: 3:27

Төменде әннің мәтіні берілген Мені кешір , суретші - Нұрым Қуаныш аудармасымен

Ән мәтіні Мені кешір "

Аудармасы бар түпнұсқа мәтін

Мені кешір

Нұрым Қуаныш

Мені кешір шын сүйгенім мені кешір

Кешірмесең сезімімді келіп өшір

Сүйген серттен қайта алмасам мені кешір

Сүйемін деп айта алмасам мені кешір

Маған күнім несіне сен өкпелейсің

Сүйе тұра бәрі мұның текке дейсің

Біз бақытты боламыз деп үміттендік

Үмітіңнен күдер үзіп кетпегейсің

Кездерім көп әр көктемедей жайқалмаған

Сөздерім көп мен өзіңе айта алмаған

Өзіңменен өтті-ау күндер еш алаңсыз

Шын бақытты сәттерімді қайтар маған

Жан дүниемді жалғыз қалсам мұң қамайды

Тағдыр бірақ ешкімді де тыңдамайды

Қаншама жан тағдырына көндіккенмен

Бұл өмірде қоштасуды кім қалайды

Мені кешір шын сүйгенім мені кешір

Кешірмесең сезімімді келіп өшір

Сүйген серттен қайта алмасам мені кешір

Сүйемін деп айта алмасам мені кешір

Өнерпаздың басқа әндері:

2 миллионнан астам ән мәтіні

Әртүрлі тілдегі әндер

Аудармалар

Барлық тілдерге жоғары сапалы аудармалар

Жылдам іздеу

Қажетті мәтіндерді секундтарда табыңыз